15 жылдан соң. Түркістанда 41 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vghYE27fGNgM7nDmMCqoa1mfLA7fNuFDsjNfknPP.webp

Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан қаласындағы № 3 облыстық перинаталдық орталықта 41 жастағы Марина Жұрымбаева үш ұлды дүниеге әкелді. Жүктілік мерзімі 32 апта болған. Босану кесар тілігі әдісімен өтті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімет бойынша, ұл балалардың салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болды.

"Шала туғандықтан нәрестелер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, жансақтау бөлімшесінде 10 тәулік дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары тұрақталған соң сәбилер анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөліміне ауыстырылды", - делінген ведомство ақпаратында.

Әкесі сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдерін берді. Отбасында бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиеленіп отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, үшем - отбасында 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген сәбилер.

Нәрестелер 35 тәуліктен кейін анасымен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

 

Comments