CNN телеарнасының негізін қалаған Тед Тернер өмірден өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/opuEW38cwIlEipoggDgAdOdriijHzh21aH61dMZR.jpg

Бүгін, 6 мамырда жаңалықтар индустриясын өзгертіп, CNN телеарнасын құрған белгілі кәсіпкер, филантроп Тед Тернер 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы  Turner Enterprisesжазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тернер 1980 жылы алғашқы тәулік бойы хабар тарататын жаңалықтар арнасы — Cable News Network-ді іске қосып, дәстүрлі телехабар тарату жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкелген еді. Арна 1990–1991 жылдардағы Парсы шығанағындағы соғыс оқиғаларын жариялау арқылы әлемге кеңінен танылды.

Көптеген журналист Бағдаттан кетіп жатқанда, CNN қалада қалып, соғыстың басталуын тікелей эфирде көрсеткен. Арна тілшілері Кеңес Одағының ыдырауы мен Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғалар сияқты ірі тарихи сәттерден тікелей репортаждар жүргізген.

Оның теледидарлық империясы CNN-мен шектелмей, TBS, TNT, Turner Classic Movies және Cartoon Network сияқты ойын-сауық және спорт арналарының желісін қамтыды. 1991 жылы Timeжурналы оны әлемдік оқиғаларға ықпалы және жаңа ақпараттық кеңістікті қалыптастырғаны үшін «Жыл адамы» деп атады.

 

Comments