Дәмханадағы жарылыстан соң қозғалған қылмыстық іс аясында «Палау орталығы» дәмханасының иесін қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берген. Енді тергеу сотының шешімімен бұл мерзім қосымша бір айға ұзартылып отыр.
Құзырлы органдардың мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл бап «абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» дерегін қамтиды.
Айта кетейік, қайғылы оқиға Щучье қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында болған газ баллоны жарылысынан кейін тіркелген. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмғаны хабарланды.
