Трамп пен Си Цзиньпин келіссөздерінде «Фукидид тұзағы» сөз болды

262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Sj0iv0pBRs6VlJGkpnqxueQxd1oaIgJ0qm118IT1.webp

Қытай мен АҚШ жаһандық сын-қатерлерге жауап беру және екіжақты ынтымақтастықтың қауіпсіз архитектурасын қалыптастыру үшін күш біріктіруі тиіс. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлады «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Екі ел «Фукидид тұзағынан» өтіп, ірі державалар арасындағы қатынастардың  жаңа парадигмасын аша ала ма?  Олар бірге жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрып, әлемге көбірек тұрақтылық әкеле ала ма? <…> Бұл — тарихтың, бейбітшіліктің және халықтардың мәселесі, сондай-ақ дәуірдің талабы, оған ұлы державалардың көшбасшылары бірлесіп жауап беруі тиіс», — деп атап өтті Қытай басшысы.

Оның айтуынша, жаһандық өзгерістердің үдеуі жағдайында халықаралық қауымдастық қайтадан тарихи бетбұрыс кезеңіне тап болып отыр. Президент Қытай мен АҚШ-тың ортақ мүдделері қайшылықтардан басым екенін, ал бір тараптың жетістігі екінші тарап үшін де мүмкіндік екенін қосты.

«Тұрақты Қытай–АҚШ қатынастары әлем үшін тиімді», — деді Қытай басшысы.

Фукидид тұзағы - американдық саясаттанушы Грэхам Аллисон танымал еткен термин. Ол жаңадан күшейіп келе жатқан державаның бщұрыннан келе жатқан ұлы державаны халықаралық гегемон ретінде ығыстыру қаупі туындаған кездегі соғысқа бейімділік тенденциясын сипаттайды.

Айта кетейік, Трамп 13 мамырда жұмыс сапарымен Бейжіңге барған еді. 15 мамырда көшбасшылар бейресми келіссөздер жүргізбек. Бұл – Трамптың 2017 жылдың қарашасынан бергі Қытайға жасаған алғашқы сапары.

Comments