Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы жетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистердің қойған сауалына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды "Адырна".
"Қазіргі жалақы жетпеуі мүмкін. Өздеріңіз қараңыздар: 500, 700, 800 мың - кімге жетеді? Әсіресе отбасында 5–6 бала болса. Кейбір депутаттарымыздың 5–6 баласы бар", - деді мәжілісмен.
Оның айтуынша, табыстың қомақты бөлігі тұрмыстық шығындарға, балабақша, үйірме ақысына және тағы басқаларға жұмсалады.
"Баланы балабақшаға апару, үйірмелерге қатыстыру, киіндіру - соның өзіне 300 мың кетеді. Ал азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді", - деді депутат.
Базарбек сондай-ақ журналистерге өзінің "900 мыңнан астам теңге" алатынын айтты.
"Жеке маған жетпейді. Сондықтан жұбайымнан да жұмыс істеуін өтіндім, болды", - деп толықтырды ол.
Let them go with their guests." The deputy governor of Mangistau region was absent during the government hours
