17 мамыр күні әлеуметтік желілерде Алматы облысында жеңіл моторлы ұшақтың сәтсіз қонған сәті түсірілген видеолар пайда болды, деп хабарлайды "Адырна".
Кадрларда куәгер ұшақтың өте төмен биіктікте ұшып жүргенін айтып, кейін оның қонғанын көрсетеді. Видео авторының сөзінше, әуе кемесі қонғаннан кейін де толық тоқтамай, баяу қозғалысын жалғастырған.
19 мамыр күні сол пабликте дәл сол жеңіл моторлы ұшақ туралы тағы бір видео жарияланды. Онда ұшақтың ағаштардың арасында тұрып қалғаны байқалады.
Алматы облысының ТЖД мәліметінше, құтқарушыларға көмек сұрау бойынша шақырту түспеген. Ұшақ Республикалық орман тұқымбақ және селекция орталығына тиесілі екені айтылды.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді Алматы облысы ТЖД.
Ал орталықтың мәліметінше, ұшақ «Азияконтиненталь» компаниясына тиесілі. Бортта тек ұшқыштар болған. Ұшу аумақты әуеден тексеру мақсатында жүргізілген.
«Ұшақ құлаған жоқ, қонғаннан кейін еңістен сырғып кеткен. Қазіргі уақытта ол қону орнында тұр, жақын уақытта тікұшақпен көтеріліп, жөндеуге жіберіледі», - деп хабарлады орталық өкілдері.
Көлік министрлігі Алматы облысының тауларында жеңіл моторлы ұшақпен болған оқиғаға байланысты тергеу жүргізілетінін айтты.
«ҚР инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу және деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес, тіркеу нөмірі UP-A0091 Ан-2 әуе кемесімен болған авиациялық оқиға адам шығынысыз авиациялық оқиға (апат) ретінде жіктелді және Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті тарапынан тергелуге жатады», - деп хабарлайды сәрсенбі күні көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Residents of Almaly district submitted 42 applications for the project "Budget with People's Participation".
