"Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі – әділетсіздік!" Мәжілістегі сын

282
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/H9UnRMLafS6iZMDpglCBZIWo0Y7MYwXIbmcaJG0t.jpg

21 мамырда өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса депутаттардың мемлекеттік сұрақтарына орыс тілінде жауап берген Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековаға ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде вице-министрдің орыс тілін қолданғанын атап өтті.

«Қарындасыма ағалық ескерту айтпақшымын. Сіз Әділет вице-министрі ретінде Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білмейсіз бе? Мемлекеттік тілде сұрақ қойған депутаттардың барлығына мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде жауап бердіңіз! Тіпті Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковның мемлекеттік тілдегі сұрағына да мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз.. Келесіде парламентке келгенде мемлекеттік тілді үйреніп келіңіз. Әділет министрлігінде қазақша білетін адам бар шығар, мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсін! Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі – әділетсіздік!»–деді ол.

Айта кетейік, Ботагөз Жақселекова Әділет вице-министрі қызметіне 2023 жылы тағайындалған еді.

 

 

Comments