Вице-министр Алатауда шетелдіктер де жер иелене алатынын айтты

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gjA6fU0CcL5dFgef6SCp8Jsus04ZiOmPtU3AgWO8.webp

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алатау қаласындағы ауыл шаруашылығына жатпайтын жер туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Азат Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан заңнамасы шетелдіктерге тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге иелік етуге тыйым салады. Ал өнеркәсіптік және өзге де ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жерлерді иеленуге заң бойынша рұқсат берілген.

Сұлтановтың сөзінше, мемлекет қажеті үшін алынған ауыл шаруашылығы жерлері кейін Алатау қаласының жер қорына өткізіліп, автоматты түрде елді мекен жерлері немесе басқа санаттағы жерлерге ауыстырылады. Осыдан кейін олар шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін.

Бұл жерлерде өндірістік нысандар, қонақүйлер, казино және қаланың бас жоспарына сай басқа да жобалар салу жоспарланып отыр. Инвесторлар жерді тек мақсатты түрде пайдалануы тиіс.

Өз кезегінде вице-премьер Қанат Бозымбаев жердің алыпсатарлық мақсатта берілмейтінін айтты. Егер инвестор белгіленген мерзімде жобаны жүзеге асырмаса, жер мемлекетке қайтарылып, лицензиясы кері қайтарылуы мүмкін.

Comments