SpaceX тарихтағы ең ірі зымыранын сынақтан өткізді

267
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SEnRphY1v8BgBVLxq4hv1z0jRzWZ42QjRaeEsfkT.webp

SpaceX тарихтағы ең үлкен әрі ең қуатты зымыран саналатын Starship V3 аппаратының ұшқышсыз сынақ ұшуын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Илон Маск компаниясының зымыраны Техас аумағынан жергілікті уақыт бойынша жұма күні кешкі сағат 17:30 шамасында ұшырылды. Бұған дейін бейсенбі күнгі алғашқы ұшыру әрекеті старттық мұнарадағы ақауға байланысты кейінге шегерілген еді.

Сынақ барысында Starship V3 ғарышқа 20 спутниктің макетін орбитаға шығарды. Кейін Үнді мұхитына қонды. Жоспарға сәйкес, аппарат суға қонғаннан кейін жарылған. Сәтті ұшырудан кейін Илон Маск әлеуметтік желіде командасын құттықтады.

«Starship V3-тің алғашқы эпикалық ұшырылымы мен қонуына байланысты SpaceX командасын құттықтаймын! Сіздер бүкіл адамзат үшін үлкен жетістікке жеттіңіздер», – деп жазды ол.

Reuters бұл зымыранды адамзат тарихындағы ең үлкен әрі ең қуатты ғарыш аппараты деп атады.

Мамандардың айтуынша, ұшу барысында екі сатыдағы қозғалтқыштарда ақаулар тіркелгенімен, миссия жалпы алғанда сәтті өткен. 

 

Comments