Қазақстан мен Қытай арасындағы ғарыш ынтымақтастығы туралы айтылды

80
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2KdJ643muEw6OJk7wSkQSAU9rXZa9W31Pfl8UrS9.webp

Қытай маманы Қазақстанмен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

CMSA өкілі Чжоу Яцян сөзінше, болашақта екі ел бірлескен басқарылатын ғарыш миссияларын жүзеге асырып, орбитада ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесін талқылай алады.

"Біз ғарышкерлердің бірлескен ұшулары мен ғылыми эксперименттер бойынша ынтымақтастықты қарастыра аламыз. Сондай-ақ Айды зерттеу бағытындағы өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндігі бар", — деді Чжоу Яцян.

Қытай тарапының мәліметінше, қазіргі уақытта Қытайдың ғарышкерлерді даярлау және ғылыми зерттеу орталығында Пәкістаннан келген екі маман білім алып жатыр. Жоспар бойынша олардың бірі алдағы уақытта пайдалы жүктеме жөніндегі маман ретінде ғарыш миссиясына қатысады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Comments