Тоқаев Путинді шығарып салды

300
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wxqM0iGm234HJ6Yg2XgjSLSM1Mz9h53CaiMaQ1Zf.jpg

Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы 29 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі  жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәліметке сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын елорда әуежайынан өзі шығарып салған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды»,– делінген хабарламада.

Еске салайық, Владимир Путин Қазақстанға 27 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген болатын. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады. Сондай-ақ екі ел басшысы достық пен тату көршілік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Comments