7 жасар қазақстандық оқушы әлемнің үздік жас математиктері қатарынан көрінді

89
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ug6VC9o9u9PPUJAxOPdcSBzLKaKQdmWWUtzvFC8y.jpg

Астанадағы РФММ-ның 1-сынып оқушысы Бақтыбай Мұхаммад Түркияның Анталия қаласында өткен VIII Халықаралық FEMO математика олимпиадасында күміс медаль иеленді.

Беделді халықаралық білім сайысына әлемнің 20-дан астам елінен келген дарынды оқушылар қатысты. Жасына қарамастан, Мұхаммад олимпиаданың күрделі тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, үздік қатысушылар қатарынан көрініп, екінші орынға ие болды.

Халықаралық финалға қатысу үшін жас математик Қазақстан аумағында ұйымдастырылған бірнеше іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, өз жасындағы оқушылар арасында жоғары нәтиже көрсеткен. Бұл оның математикалық қабілетінің ерекше екенін дәлелдейді.

Оқушының ата-анасының айтуынша, Мұхаммадтың математикаға деген қызығушылығы ерте жастан байқалған. Ол бірінші сыныпта оқып жүріп-ақ көбейту кестесін толық меңгеріп, бос уақытында түрлі логикалық және математикалық есептер шығаруды ұнатады.

Біліммен қатар спортқа да көңіл бөлетін Мұхаммад велоспортпен айналысады және бұл салада да жетістіктерге жетіп үлгерген. Оның табандылығы мен еңбекқорлығы оқу мен спорттағы нәтижелерінен айқын көрінеді.

Comments