Семейде ит өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

308
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ruZS66AefkhYvduXiJh8SOrvAgIt5IGT7ZGtiydO.jpg

Семейде полицейлер итті өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

7 маусымға қараған түні құқық қорғау органдарына жеке үйдің тұрғындары хабарласқан. Олардың айтуынша, бұрынғы күйеу баласы итті атып өлтірген.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Ұсталған кезде оның мас күйде болғаны анықталды. Ер адам мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, ер адам мас күйде көлік басқарғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ тәркіленген мылтықты сақтау және алып жүру рұқсатын жою туралы шешім қабылданған. Жиналған әкімшілік материалдар сотқа жолданған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.

Comments