Алматыда гранатамен жүрген ер адам ұсталды

115
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматыдағы Райымбек даңғылының бойынан күдік тудырған ер адам ұсталды. Оның жанынан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған. Бұл туралы Алматы полиция департаменті 14 маусым күні мәлімдеді,  деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері күмәнді әрекетімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, тексерген.

"Тексеру барысында оның барсеткасының ішінен пышақ пен сыртқы түрі гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандар шақырылды. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды", – деп хабарлады полиция.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол бұл заттарды бұрын тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүрген. Аталған мәліметтердің рас не өтірігі тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Алматы полициясы азаматтарды өздерімен бірге қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге және қару-жараққа немесе оқ-дәріге ұқсас күмәнді заттарды тапқан жағдайда бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады", – делінген хабарламада.

Comments