АҚШ-та ұсталған қазақстандық кепілмен босатылды

171
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/okzbGaFsiP9QTjJuE5kRPMU4ODzfcGOPBeaLkU8B.webp

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, Қазақстан тарапы қолданыстағы заңнама аясында азаматқа қажетті консулдық қолдау көрсетуге дайын, алайда шетелдегі тергеу жұмыстарына араласуға құқығы жоқ.

«Біз заңнамада көзделген шеңберде көмек көрсетеміз. Тергеу әрекеттеріне араласуға құқығымыз жоқ. Қазір оның кепілмен босатылғанын білеміз. Бұл белгілі бір деңгейде үміт ұялатуы мүмкін», – деді Ермек Көшербаев.

СІМ Қазақстан азаматының өз құқықтарын қорғау үшін адвокат жалдауға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ-тың көші-қон және кедендік бақылау қызметі Еламан Балтагерейдің ел аумағында заңсыз жүргенін хабарлаған болатын. Мекеме мәліметінше, көші-қон соты 2025 жылдың жазында оны АҚШ-тан шығару туралы шешім қабылдаған, алайда ол сот отырысына келмеген. АҚШ тарапы қазақстандықты терроризмге қатысы болуы мүмкін немесе осындай күдікке ілінген тұлға ретінде ұстағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта Еламан Балтагерей кепілмен босатылған, ал іс бойынша құқықтық рәсімдер жалғасып жатыр.

 

Comments