Трамп Қатар сыйға тартқан жаңа президенттік ұшақты таныстырды

239
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EeBBh2SI82oc9E6J6TUczGYG5Q7UVTUAUWyvHYPY.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Қатар сыйға тартқан жаңа Boeing 747 ұшағын алғаш рет көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Болашақта бұл әуе кемесі президенттің негізгі ресми борты ретінде пайдаланылмақ.

Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери әуе базасында өткен таныстыру кезінде Трамп қазіргі президенттік ұшақпен жасаған соңғы сапарын аяқтағанын айтып, жаңа әуе кемесін жоғары бағалады. Оның сөзінше, бұл ұшақ барлық жағынан үздік және бұрын-соңды болмаған сән-салтанатқа ие «ұшатын Ақ үйге» айналады.

Жоспар бойынша жаңа президенттік борт АҚШ-тың 250 жылдығына арналған 4 шілдедегі мерекелік іс-шара аясында ел астанасының үстімен салтанатты түрде ұшып өтеді. Сарапшылардың бағалауынша, ұшақтың құны шамамен 400 миллион долларды құрайды. Алайда оны президент қажеттіліктеріне бейімдеу және арнайы жабдықтау жұмыстарына қосымша миллиард долларға жуық қаржы жұмсалуы мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Сонымен қатар Қатардың бұл сыйлығы АҚШ-та қызу пікірталас тудырды. Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар қауіпсіздік және этика мәселелеріне алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұған қоса, Трамп ұшақты болашақ президенттерге қалдырмай, кейіннен өз атымен аталатын президенттік кітапхана қорына беруді жоспарлап отырғаны да талқылануда.

Comments