Қырғызстанның жалпы білім беретін мектептерінде 2026–2027 оқу жылы 15 қыркүйекте басталады. Мұндай шешімді елдің Ағарту министрлігі қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, мұндай шешім Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері саммитінің өткізілуіне, сондай-ақ Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын толық орындау үшін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.
Жоғары сынып оқушылары үшін оқу жылы барысында қосымша сегіз оқу сенбісі ұйымдастырылады. Сабақтар сенбі күні шамамен айына бір рет өткізілмек.
Кей сенбілерде сабақ өтетіні туралы шешімді мұғалімдер мен ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып қабылдау ұсынылады.
In Almaty, two fraudulent girls who collected money for the treatment of a "sick" child were arrested
