Тәжікстанның Душанбе – Күләб – Хорог тасжолында болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 2 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында Вахдат қаласына қарасты Элок ауылы маңындағы жолдың 32-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі екі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі, Toyota Prado көлігінің жүргізушісі және жеңіл көліктерде отырған тоғыз жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қаза болған жолаушылардың жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен жол апатының себептері анықталуда.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister
