Қазақстанның үш өңірінде бензин тұтыну көлемі күрт өскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы 7 шілдеде энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев хабарлады.
Оның айтуынша, бензинге сұраныстың артуы Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында байқалып отыр. Аталған өңірлердің барлығы шекара маңында орналасқан.
«Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында бензин тұтыну күрт өсті. Бұл – шекаралық аумақтар», – деді вице-министр.
Сондай-ақ өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, жанар-жағармай материалдарын заңсыз сыртқа шығарудың жолын кесу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Ол кейбір азаматтардың көліктеріне қосымша жанармай бактарын орнатып, отынды заңсыз тасымалдауға әрекет ететінін атап өтті.
«Мұндай жағдайлар бізге белгілі. Заңсыз жанар-жағармай шығаруға қарсы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, мәселе тұрақты бақылауда тұр», – деді энергетика вице-министрі.
An expert discussion will be held on the topic "New opportunities of atomic energy for the Republic of Kazakhstan".
