Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің Орталық телеарнасының мәліметінше, көшкін сейсенбі күні таңертең Луннань қаласында жүрген. Топырақ массасының астында 33 адам қалып қойған.
Құтқарушылар апат аймағында болған барлық адамды үйінді астынан алып шыққан. Жеті адам түрлі жарақат алған.
Қытайда жаз мезгілі дәстүрлі түрде нөсер жаңбыр, тайфун, су тасқыны және өзге де табиғи апаттармен қатар жүреді.
Айта кетейік, 2025 жылы елдегі табиғи апаттардан келген тікелей шығын шамамен 34,5 млрд долларды құраған. Табиғи апаттардың салдарынан 763 адам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған.
Related news
A new Prime Minister has been appointed in Kyrgyzstan, and the President has provided an explanation
