Kaspi.kz-те енді UnionPay карталарына ақша аударуға болады

169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LXoQYJvgjunG2OBh5OkHIeZuG8s7WV76yuea89aB.jpg

Kaspi.kz халықаралық аударымдардың мүмкіндігін кеңейтті: енді қазақстандықтар әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі — UnionPay карталарына ақшаны тез әрі қауіпсіз аудара алады.

Пайдаланушылар Kaspi Gold-пен Visa, Mastercard, сондай-ақ Элкарт, Uzcard және Humo карталарын ұстаушыларға лезде ақша жіберуге үйреніп қалған. Енді Kaspi.kz қосымшасында ақшаны Қазақстан, Қытай және басқа елдердің банктері шығарған UnionPay карталарына да ыңғайлы аударуға болады.

Қазақстандағы UnionPay картасына ақша аудару үшін тек картаның нөмірін көрсетсе болды. Қытайға ақша аудару үшін қосымша аударым мақсатын таңдау керек, ал халықаралық аударымдар үшін – алушының аты-жөнін көрсету керек.

Сонымен қатар Kaspi.kz қосымшасында басқа қазақстандық банктер шығарған UnionPay карталарынан Kaspi Gold-ыңызға ақша аударуға болады.

UnionPay карталарына аударым жасау туралы толығырақ Kaspi Гид сервисінен білуге болады.

UnionPay Қытайда құрылған және әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі болып табылады. Дүниежүзінде 9 миллиардтан астам UnionPay картасы шығарылған, олар Қазақстанды қоса алғанда 183 елде қабылданады.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы - сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтех қызметтерін, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті өмірге қажетті басқа да сервистерді біріктіреді.

Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ға иелік етеді.

Comments
Other materials