Астанадағы тандырханада жарылыс болды. Зардап шеккендер бар

249
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lqw0T6YotNRN77nVAohyctQM2mCWoK6CmbYVV3aD.webp

Бүгін, 16 шілдеде Астанадағы базарлардың біріндегі тандыр самса дайындайтын бөлмеде жарылыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Байқоңыр ауданында Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта алдын ала мәлімет бойынша көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді»,– делінген хабарламада.

Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Comments