Астанадағы Tarlan-ның табысы 500 миллион теңгеден асты

81
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KR7kZrpnaHqt8nxMqGDApxF9A9KiFrj2w6C6kPDr.jpg

Астанадағы «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері 500 миллион теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Мәліметке сәйкес, маусым айында жолаушылар LRT қызметін 2,1 миллион рет пайдаланған. Осы көрсеткіш бойынша елордалық жеңіл рельсті көлік Алматы метросының жолаушылар ағынына жақындай түсті. Маусымда Алматы метросы 2,4 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Сонымен қатар Астанадағы LRT-ның жолаушылар айналымы Алматы метросынан жоғары болған. Ресми дерек бойынша, бұл көрсеткіш Астанада 46,5 миллионды, ал Алматыда 34,9 миллионды құрады.

Сарапшылар мұны бағыттардың ұзындығымен байланыстырады. «Tarlan Astana» желісінің ұзындығы 22,4 шақырым болса, Алматы метросының ұзындығы 13,4 шақырым. 16 мамырда іске қосылғаннан бері маусым айының соңына дейін LRT 3,2 миллион жолаушы тасымалдаған. Осы уақыт аралығында жүйенің жалпы табысы 503,1 миллион теңгеге жеткен.

Comments