Лейбористік партияның жаңа жетекшісі Энди Бернем дүйсенбі күні Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне ресми түрде кіріседі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
56 жастағы саясаткер өткен жұма күні Лейбористік партияның көшбасшысы болып сайланып, бұл қызметте Кир Стармердің орнын басты.
Билікті тапсыру рәсімі аясында бұрынғы премьер-министр Кир Стармер Букингем сарайында король Карл III-пен кездесіп, отставкаға кету туралы өтінішін ресми түрде ұсынады.
Одан кейін король Энди Бернемді қабылдап, оған жаңа үкіметті құруды тапсырады. Осылайша Бернем келісімін беріп, Ұлыбританияның тарихындағы 59-премьер-министр ретінде қызметіне ресми кіріседі.
Букингем сарайынан кейін Энди Бернем Даунинг-стритке барып, премьер-министр ретіндегі алғашқы үндеуін жасайды.
BBC мәліметінше, ол өз сөзінде үкімет жұмысының негізгі басымдықтарын жариялайды. Сонымен қатар соңғы жылдары Ұлыбританияда премьер-министрлердің жиі ауысуы саяси тұрақтылыққа әсер еткенін атап өтіп, елге тұрақтылық пен жауапкершілік қажет екенін мәлімдеуі күтіледі.
"All the land in Uskemen belongs to Akhmetov, and the suburbs of Astana belong to Shokeev" - the deputy said to the minister
