Көкшетауда жастар мен блогерлердің Jas Star Talks ашық кездесу алаңы ұйымдастырылды

100
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NkDhtt3hVMfqUkDgQJSetUBLHHESC3C5z9XCKztp.jpg

«Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында жастар мен блогерлердің Jas Star Talks атты ашық кездесу алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев қатысып, жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырудың маңызын атап өтті.Кездесу барысында танымал Тик-ток блогер Ескендір Жанартов, «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының басшысы Асхат Уайысов, «Esbol Qory» қорының өңірлік жетекшісі Даниал Жағыпар, мобилограф-фотограф Меруерт Көкенова, сондай-ақ жедел жәрдем фельдшері әрі блогер Жанас Асылбекұлы өз тәжірибелерімен бөлісті.Жиында цифрландыру үдерісі, медиасауаттылық, әлеуметтік желідегі жауапкершілік және жастардың қоғамдағы рөлі кеңінен сөз болды. Қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, өзара пікір алмасты.

Мұндай мазмұнды кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, жаңа бастамалардың жүзеге асуына серпін беретіні сөзсіз.

Comments
Other materials