Фото: DW
Киевте Украина қорғаныс министрі қызметіне қайтаруды талап еткен кезекті наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды “Адырна”.
Наразылыққа шыққандардың негізгі екі талабы болды. Бірі — Федоровты қорғаныс министрлігіне қайта тағайындау және ардагерлер істері министрі қызметіне жауынгерлік тәжірибесі бар азаматты қою. Акцияны ұйымдастырушылар билік талаптары орындалғанға дейін наразылықты мерзімсіз жалғастыратынын айтты.
Акцияны ресейлік-украиналық соғыс ардагері Дмитрий Козятинский ұйымдастырған.
Алғашқы митингілермен салыстырғанда бұл жолы ұрандар аз айтылып, олардың орнына украин әндері шырқалып, қатысушыларға ашық микрофон арқылы өз пікірлерін айту мүмкіндігі берілді.
Наразылық акциясы патриоттық сипатта өтті. Қатысушылар Украина әнұранын орындап, Украина, Еуроодақ және УПА жалауларын көтерді.. Ұйымдастырушылар өз талаптары орындалмайынша күн сайын алаңға шығуға дайын екендерін айтты.
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
