«Адырна» ұлттық порталының студиясында Қырғызстанның мемлекет қайраткері Сүйінбек Қасмамбетов қонақ болып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы, мемлекеттік қызмет, Қырғызстандағы саяси ахуал және жеке өміріне қатысты көптеген сауалдарға жауап берді.
Сұхбат барысында Сүйінбек Қасмамбетов ең алдымен қазақ пен қырғыз халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан бауырластық байланысына тоқталды. Ол екі ел арасындағы достықтың нығаюына өз үлесін қалай қосқанын айтып, Қазақстан Президентін ресми сапар кезінде жеке қарсы алған сәттерін еске алды.
Мемлекет қайраткері қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовке қойылған ерекше ескерткіш туралы айтып, оның тарихи әрі рухани маңызына тоқталды. Сонымен қатар қазақ пен қырғыз арасындағы қызықты оқиғалармен бөлісіп, екі халықтың тілі түбегейлі айырмашылығы жоқ екенін атап өтті.
Сұхбатта қазақ пен қырғыздың арасына жік салуға тырысатын күштер туралы да сөз қозғалды. Қасмамбетов мұндай әрекеттердің тарихи шындыққа қайшы екенін айтып, екі халықтың ынтымағы мен татулығы әрдайым маңызды екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Сүйінбек Қасмамбетов қазіргі қызметі туралы айтып, Қырғызстанның бірнеше президентімен бірге жұмыс істеген тәжірибесіне тоқталды. Әрбір ел басшысының ерекшелігін сипаттап, Қырғызстанда билік ауысқан кезеңдердегі көтерілістердің себептері мен саяси мәдениеттің ерекшеліктеріне қатысты пікірін ортаға салды.
"Let the compensation be paid in cash." The people of Kulsary gathered in front of the mayor's office
