Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы ауданында орын алған төтенше оқиғаға қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Консорциум берген мәліметке сәйкес, 30 шілде күні «Nissos Sifnos» танкеріне үшінші айлақ арқылы мұнай тиеу жұмыстары аяқталуға жақындаған сәтте, тиеу манифольды аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы тіркелген.
Болған оқиғаға байланысты қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында КҚК тарапынан мұнай құю операциялары алдын ала тоқтатылды.
"ҰҰА шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары алдын ала тоқтатылды", - делінген министрлікте.
Сондай-ақ, тиеуге жоспарланған «Marathi» танкері КҚК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта дрон шабуылына ұшыраған.
Ведомствоның хабарлауынша, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер тіркелмеген. Шабуыл салдарынан туындаған өрт КҚК-ның үш буксирінің күшімен толық сөндірілді.
