Танымал альпинист қар көшкінінен қаза тапты

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9Lzj1pQwfw1QqkKLOTTlaLwDGcvXsr2fT2Moh20d.webp

Әлемдегі ең танымал альпинистердің бірі, непалдық Нирмал Пурджа Пәкістандағы тауда қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы оның Elite Exped агенттігі Instagram парақшасында хабарлады.

Ол биіктігі 8047 метр болатын Броуд-Пиктп болған қар көшкіні кезінде тауда болған.

Агенттік таратқан мәлімдемеде Нирмал Пурджаның қазасы үлкен қайғы екені айтылып, оның миллиондаған адамды батылдығымен, қарапайымдылығымен және адам мүмкіндігінің шексіз екеніне деген сенімімен шабыттандырғаны атап өтілді.

Сондай-ақ Elite Exped экспедицияның басқа қатысушыларының да аман қалмағанын растады. Бұған дейін Броуд-Пикте бейсенбі күні түсте болған қар көшкінінен кейін жалпы саны он альпинист із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді.

Comments