Шекарадан әпкесінің құжатымен өтпек болған ресейлік сотталды

205
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fflBCIwivV5af1FT3hyrv2pCXcVYdzohlpgsjtV7.jpg

Краснодар өлкесінің 50 жастағы тұрғыны Қазақстаннан заңсыз шығуға әрекет жасағаны үшін сотталды. Ол шекара бекетінде өзіне тиесілі емес, әпкесінің құжатын көрсеткен, деп хабарлайды "Адырна".

Ресей азаматы Қазақстанға ата-бабаларының қабірін зиярат ету үшін келген. Алайда көші-қон талаптарын бұзғандықтан, елден заңды түрде шыға алмаған.

Осыдан кейін әйел Қазақстаннан пойызбен шығуға шешім қабылдаған. Шекаралық бақылау кезінде ол қызметкерлерге әпкесінің паспортын ұсынған. Алайда шекарашылар құжаттың басқа адамға тиесілі екенін анықтап, әйелдің әрекетін әшкерелеген.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Сот ресейлік азаматшаны 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда ол рақымшылыққа ілініп, жазадан босатылды.

Сонымен бірге сот әйелді Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылдады. Оған Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

Осылайша, басқа адамның құжатын пайдаланып шекарадан өтуге әрекет жасаған әйел елден шығарылып, оған бес жылға Қазақстанға қайта кіруге шектеу қойылды.

Comments