Қазақстанның халықаралық резервтері мен Ұлттық қор активтері шілде айының қорытындысы бойынша өсті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Елдің жалпы қаржылық резерві 130 миллиард долларға жуықтады.
Ұлттық банктің мәліметінше, шілде айында Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 3 пайыздан астам өсіп, 63,7 миллиард долларға жетті. Бұл маусымдағы төмендеудің бір бөлігін өтеуге мүмкіндік берді.
Өсім резервтердің негізгі көрсеткіштерінің барлығында байқалды. Негізгі өсім еркін айырбасталатын валютадағы активтердің ұлғаюы есебінен болды. Олардың көлемі шамамен 15,5 миллиард долларға жетті.
Сонымен қатар монетарлық алтынның құны да өсті. Оның жалпы құны 48 миллиард доллардан асты.
Мамандардың айтуынша, алтын қоры құнының өсуі негізінен нарықтағы алтын бағасының қайта бағалануына байланысты. Яғни бұл көрсеткіштің артуы жаңа алтын сатып алумен ғана байланысты емес.
Осылайша, шілдедегі резервтердің өсуіне валюталық активтердің артуы және бағалы металдар нарығындағы қолайлы жағдай әсер етті.
