Иранның басты мұнай терминалы 25 күннен кейін жұмысын қайта бастады

182
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/G71TZblDbQjUYSl2v3idIt986gHHlOYpKiMgf3qa.jpg

Парсы шығанағындағы Иранға тиесілі Харк аралының батыс терминалы 25 күндік толық тоқтаудан кейін қайта іске қосылды. Бұл туралы Tasnim агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спутниктік суреттер ұзындығы шамамен 333 метр болатын VLCC санатындағы мұнай танкерінің терминалға келіп, шикі мұнай тиеуге кіріскенін көрсетеді. Кеме 11 шілдеден бері күту аймағында зәкірде тұрған. Енді ол айлаққа келіп тоқтап, шикі мұнай тиеу жұмыстарын бастаған.

Харк аралы – Иранның мұнай экспортындағы стратегиялық маңызы аса жоғары нысандардың бірі. БАҚ мәліметінше, елдің мұнай экспортының шамамен 90 пайызы осы аралдағы терминалдар арқылы жүзеге асырылады. Терең судағы айлақтар әлемдегі ең ірі танкерлерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Агенттік сондай-ақ Кешм және Ларк аралдары маңында жүк кемелері мен мұнай танкерлерінің қозғалысы күшейгенін хабарлады. Спутниктік суреттерде аталған ауданда 35 мұнай танкері мен жүк кемесі тіркелген.

Бұдан бөлек, өңірде 36 жылдам жүретін катер байқалған. Сарапшылардың пікірінше, олар кемелерді алып жүру немесе патрульдік қызмет атқаруы мүмкін.

 

Comments