Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен бірқатар маңызды мемлекеттік орган мен институттың басшылығына жаңа тұлғалар тағайындалды. Бұл туралы Ақоррда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Атап айтқанда, Ұлттық банк пен Ұлттық қауіпсіздік комитетін, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын басқаратын жаңа тұлғалар анықталды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына Дмитрий Михайлович Малахов тағайындалса, Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
