Екі ел мұнай қорларын игеру бойынша келісімге келді

169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z03pcqKED2MWX8cMHlQVKmmldRoaxOoGttdHDK6Q.webp

АҚШ пен Венесуэла мұнай саласындағы ынтымақтастық бойынша келісімге келді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ВВС-ге сілтеп. 

АҚШ президенті Трамптың айтуынша, келісім Венесуэланың 65 миллиард баррельден астам дәлелденген мұнай қорын бақылауға мүмкіндік береді. Оның сөзінше, бұл АҚШ-тың мұнай қорын екі еседен астам арттырып, елдегі мұнай жеткізілімін ұлғайтады. Сондай-ақ президент келісім АҚШ-тағы жанармай бағасын төмендетуге ықпал ететінін хабарлады.

«Бұл тарихи келісім АҚШ-тың мұнай қорын екі еседен астам арттырады», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келісімді «америкалық және венесуэлалық халық үшін үлкен жеңіс» деп атады. Оның мәлімдеуінше, келісім аясында Венесуэла экономикасына шамамен 100 миллиард доллар жеке инвестиция тартылып, мыңдаған жоғары жалақылы жұмыс орны құрылуы мүмкін.

Трамптың мәліметінше, келісімге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қорғаныс министрі Пит Хегсет Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригеспен жеке бизнес өкілдерімен серіктестік аясында қол жеткізген.

АҚШ президенті келісімнің нақты шарттарын жариялаған жоқ. Ол америкалық салық төлеушілерге қосымша шығын түспейтінін атап өтті.

Қазір Венесуэла тарапы бұл мәлімдемеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Келісімнің толық талаптары мен тараптардың міндеттемелері әзірге жарияланбады.

Comments