Президенттердің Бішкектегі кездесуі. Не талқыланды?

263
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GvGPKBNA4tNChjeKvXZ2DXsE7gamGYhFLhewp0vR.jpg

31 тамызда Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің кездесуі өтті, деп хабарлайды “Адырна”.

Кездесуде Ильхам Әлиев Қазақстан Президентін елдегі жаңа парламент — Құрылтайға өткен алғашқы сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады. Ол бұл саяси науқанды Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды Қазақстан халқының қолдайтынының кезекті дәлелі ретінде атап өтті.

Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысына жолдаған құттықтау хаты және сайлауға Әзербайжаннан келген халықаралық байқаушылардың белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен кездесулердің екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудағы маңызына тоқталды.

Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Орта дәліздің маңызы мен оны дамыту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшылары бұдан бөлек Бакуде өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитін өткізу мәселесін қарастырды.

Кездесу барысында алдағы жоғары деңгейдегі байланыстар және өзара қызығушылық тудыратын өзге де мәселелер бойынша пікір алмасты.

Comments