Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына қатысты апелляциялық шағым түсірмеген.
Сәрсемәлиев қайынағасын пышақтағаннан кейін, оның атынан банк арқылы 4 миллион теңге көлемінде тауарлы несие рәсімдеген. Алдағы уақытта ол жазасын өмір бойына бостандығынан айырылғандарға арналған арнайы колонияда өтейді.
Сот бұл жағдайға байланысты екінші деңгейлі банк пен облыстық прокуратураға жекеше қаулы шығарды. Себебі несие беру кезінде азаматтың жеке қатысуы мен бейнерастау талап етілмеген. Қазіргі уақытта банк алаяқтық жолмен рәсімделген қарызды есептен шығарды.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
