Ресей президенті Владимир Путин Киевке жасалатын соққыларды үш тәулікке тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Оның айтуынша, атысты тоқтату сенбі күнгі түнгі сағат 00:00-ден басталады.
«Шынында да, мұндай ақпарат келіп түсті. Жоғарғы Бас қолбасшы, президент Владимир Путин бүгін түнгі сағат 12-ден бастап үш тәулік бойы Киевке соққы жасамау туралы нұсқау берді», – деді Песков.
Кремль бұл шешімді АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Киевке келіп, украиналық тараппен келіссөздер жүргізуіне дайындықпен байланыстырып отыр.
Related news
