Air Astana рейсі Франкфурт әуежайына шұғыл қонды

160
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OyeBb28RIx2u4QOf91sYfQ1ZXRgqLvdD9F0l3AIL.webp

9 қыркүйекте Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Франкфурт қаласына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл жағдайға Лондонның Хитроу әуежайының NOTAM бойынша жабылуы себеп болған.

«Алматы – Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындап жатқан Airbus A321 әуе кемесі Франкфурт әуежайына қауіпсіз түрде қонды. Әуе кемесінің бортында 138 жолаушы болды. Өкінішке қарай, Лондон Хитроу әуежайы түннің соңына дейін жабық күйінде қалады, осыған байланысты Air Astana әрі қарайғы ұшуды тоқтатуға мәжбүр. KC663 рейсінің ұшуы келесі күннің таңына сағат 11:30-ға (UTC) шегерілді»,– делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 67 жолаушыда жарамды Шенген визасы болмағандықтан, олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуға мәжбүр.

«Барлық жолаушыға күту уақытында тамақ пен салқын сусындармен қамтамасыз етілуі үшін әуежайда тамақтануға арналған ваучерлер берілді. Әуекомпанияның жерүсті қызметтері мен өкілдері қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүймен қамтамасыз ету, сондай-ақ күтпеген кідіріс жағдайында қажетті тамақпен, сусындармен және қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеуде»,– деп толықтырды Air Astana.

Comments
Other materials