Марқұмды рұқсатсыз жерлегендер жауапқа тартылуы мүмкін

159
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CJZ06ljbdAPYxluBmgNIp9uJgqU5giUS7QllWzMP.jpg

Қырғызстанда тиісті рұқсатсыз марқұмды өз бетінше жерлегендер, бұрынғы қабірге басқа мәйітті қайта жерлегендер, мүрдені басқа жерге көшіргендер мен эксгумация жасағандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна".

Sputnik дерегінше, тиісті заң жобасын Бішкек әкімдігі әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды.

Құжатта Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Марқұмның денесі мен жерленген жерін қорлау» туралы 164-бабын жаңа бөлікпен толықтыру ұсынылған. Бастамашылардың айтуынша, қолданыстағы заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы қылмыстық норма қарастырылмаған.

Заң жобасы қабылданса, жерлеу тәртібін бұзғандарға мынадай жазалардың бірі тағайындалуы мүмкін:

50 мыңнан 100 мың сомға дейін айыппұл (260 -520 мың теңге);

80-нен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;

3 жылға дейін бас бостандығын шектеу;

3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Бұған дейін Қырғызстанда марқұмдарға тас және мәрмәрден ескерткіш қойып, құлпытас орнатуға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған.

Comments