Қара теңізде дрон шабуылы салдарынан адамдар қаза тапты

61
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TW4kjSnBqvkAVkvdEdW6bZVp58kjlkmHyE2IJGGF.webp

Қара теңізде шетелдік TEDY жүк кемесіне жасалған дрон шабуылы салдарынан Әзербайжанның екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Report-қа сілтеп.

Тағы екі адам жараланды. 

Әзербайжан СІМ мәліметінше, оқиға 9 қыркүйекте болған. Кеме экипажының құрамында Әзербайжан азаматтары болған.

Шабуыл салдарынан жараланғандар Украинаның Черноморск қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген.

Қазір Әзербайжан сыртқы істер министрлігі елдің дипломатиялық өкілдіктері мен тиісті мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Жараланған азаматтар медициналық тексеру мен ем қабылдағаннан кейін елге қайтарылады деп жоспарланған. Сонымен қатар министрлік оларға қажетті консулдық көмек көрсетіп, қаза тапқандардың денелерін елге жеткізуге қатысты рәсімдерді ұйымдастыру шараларын қолға алған.

Ведомство Әзербайжан азаматтарын әскери қимылдар жүріп жатқан немесе қауіпсіздік жағдайы тұрақсыз өңірлерге барудан, сондай-ақ мұндай аумақтарда жұмыс істеуден және осы бағыттар бойынша қатынайтын көлік құралдарында, соның ішінде кемелерде қызмет атқарудан бас тартуға шақырды.

Comments