Бүгін тұңғыш Президент саябағына барып ішіне кіре алмай, қасындағы каналды бойлап қыдырыстап қайттым. Қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соған орай барлық есігін тарс жауып тастапты.
Ертеде бұл жер тау етегіндегі совхоздардың бірінің құлпынай өсіретін бау-бақшасы болатын.
Тоқсаныншы жылдардың қиын шағында балаларды ертіп барып, шаруашылыққа да қолқабысымызды тигізіп, өзімізге де тиесілі несібемізді теріп қайтатынбыз. Балалар еңбектің не екендігін біліп өссін дегеніміз ғой. Ал одан біз де шаршап қалған жоқпыз,
Енді тәуелсіздікке қол жеткізіп һәм өз қолымыз өз ауызымызға жете бастаған шақта осы жерде тұңғыш Президент саябағы ашылған. Дұрыс қой еңбегі ескерілгені дескенбіз бәріміз де. Сонсоң мұнда елбасының ескерткіші орнатылған. Енді тірі адамға ескерткіш ашылғаны қалай деп ойланып қалғанбыз. Ал одан кейінгі оқиғаларды өздеріңіз де білесіздер, сондықтан соның бәрін тізбектеп айтпай-ақ қояйын.
Осы саябақ жыл аяғына дейін өз мәні мен сәнінде қайтадан жаңартылып ашылатын секілді. Соған орай өз тарапымнан мынадай ұсыныс айтсам деймін. Яғни, жаңартылып ашылайын деп жатқан саябаққа Алаш саябағы деген ат берілсе деймін. Олай болмаған жағдайда Тәуелсіздік яки Республика саябағы деген де ұсынысым бар. Жаңа Қазақстанға, жаңарып жатқан саябаққа осы атаулардың бірі лайық па деймін. Ал сіздер не дейсіздер?!
