“Ақшасын төлесе”. Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

95
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fQS6jd1XjSWPAvdVNLL6d49RrykgqW2FsGKtBqvD.jpg

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарға үн қатып, жекпе-жекке шақырды, деп жазады "Адырна". 

Бұл туралы Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Актердің сөзінше, Данияр Елеусінов оның суретін жариялап, Олимпиада чемпиондарын төмен санайтын адам ретінде сипаттаған. Осыдан кейін Еркебұлан Тоқтар боксшының жазбасына таңғалғанын айтып, өзінің сұхбаттарында Олимпиада чемпиондарына қатысты теріс пікір білдірмегенін мәлімдеді.

«Мен бұл ағамызға не істеп қойғанымды білмеймін. Сұхбаттарымда Олимпиада чемпиондарына тіл тигізген емеспін. Мүмкін, мені мотиватормен шатастырып алған шығар. Ол кісі – Олимпиада чемпионы. Менің деңгейіме түсіп, менімен қолғап түйістіріп, өз деңгейін түсіретін адам емес еді», – деді актер.

Сонымен қатар Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді. Алайда кездесудің ресми түрде ұйымдастырылғанын қалайтынын айтты.

«Егер мені ұрғысы келсе, «Рух Боксингке» келіп жұдырықтассақ болады. Олимпиада чемпионы, қазақ ағамнан ұтылу мен үшін ұят емес. Ал егер халықтың алдында ұрғысы келсе, онда промоутерлерге гонорар, ақшасын төлетіп, ресми түрде жекпе-жек ұйымдастырсын. Ақшасын төлесе, мен шығып беремін. Ондай жағдайда шығуға дайынмын және барынша лайықты өнер көрсетуге тырысамын», – деді ол.

Актер бұл жағдайды түсініспеушілік болуы мүмкін деп санайтынын айтып, оқырмандарынан осы жағдайға қатысты пікір білдіруді сұрады. 

Comments