Бауыржан Молдағалиев Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 22 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Бауыржан Есқалиұлы Молдағалиев ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды»,— делінген хабарламада.
Бауыржан Молдағалиев 1989 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын, кейін осы оқу орнының докторантурасын аяқтаған. Философия, саясаттану және дінтану институтында, кейін ақпараттық саясатқа қатысты құрылымдарда жұмыс істеген.
2018 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған. Басшы хатшылығының сарапшысы және консультанты, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
2023–2026 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. 2026 жылғы шілдеде қайтадан Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалған.
