Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан қаза тапқандар бар

83
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TrVrKz8V31xacRqPeMaODn3YCpVWib2K9reAvQXW.png

Фото: AP

Ресейдің Украинаға жасаған жаппай шабуылы салдарынан Харьков қаласында үш адам қаза тауып, тағы 11 адам жараланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы DW басылымы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 13 қазанға қараған түні жасалған шабуыл Харьковтің Холодногор және Шевченко аудандарындағы тұрғын үйлер мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына тиген.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, зымырандардың бірі төрт қабатты тұрғын үйге түсіп, кіреберіс бөлігін толығымен қиратқан. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдар болуы мүмкін деген болжаммен іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін, 12 қазан күні кешке Ресей әскері Киевке де баллистикалық зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасаған. Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, Дарницкий ауданында дрон 25 қабатты тұрғын үйдің 12–16-қабаттары аралығына соғылған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 11 адам жараланған.

Украина әуе күштерінің мәліметінше, Ресей аумағынан баллистикалық зымырандар ұшырылғаны туралы ақпарат әскери қызметкерлерге уақытылы түспеген. Соның салдарынан Киевте әуе дабылын дер кезінде жариялау мүмкін болмаған. Баллистикалық нысандар радиолокациялық құралдар арқылы шабуыл кезінде анықталған. Қазір оқиғаның себептері нақтыланып жатыр.

Comments