Фото: ButusovPlus / YouTube
Украиналық 49 жастағы Константин Власенко Купянск бағытындағы майдан шебінде 491 күн болып, оның жеті айдан астамын жалғыз өткізген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ауыр жарақат алып, екі табанынан айырылған жауынгер 2026 жылғы 4 қазанда ауыр жүк дронымен эвакуацияланды. Бұл туралы әскери журналист Юрий Бутусовқа берген сұхбатында айтылған.
Власенко соғысқа дейін кен орнында жүк көлігінің жүргізушісі болған. 2025 жылғы 3 маусымда майдандағы позицияға келген ол серігімен бірге бетон құбырда паналаған. Ресей әскері дрондарды күшейткендіктен, оларды ауыстыру мүмкін болмай, ұзақ уақыт сол жерде қалған.
2026 жылғы ақпанда жауынгерлердің панасы суға толып, кейін шабуыл кезінде серігі қаза тапқан. Власенко жалғыз қалып, ауыр жарақат алған. Аяқтарындағы тіндер өле бастаған соң, сәуірде сол табаны өздігінен ажырап кеткен. Ал мамырда ол металл қалбыр ашатын қарапайым пышақпен екінші аяғын өзі кесуге мәжбүр болған.
Жеті айдан астам уақыт жалғыз қалған жауынгер радиобайланыс арқылы командирлеріне ақпарат беріп, позицияны бақылауды жалғастырған. Оны жермен эвакуациялау әрекеттері нәтиже бермегендіктен, әскери қызметшілер ауыр жүк көтеретін дрон арқылы құтқару операциясын ұйымдастырған.
2026 жылдың 4 қазанында Власенко арнайы аспаға бекініп, дронмен өзеннен асыра жеткізілген. Кейін оны жерүсті робот платформасы медициналық топқа жеткізген. Осылайша жауынгердің майдандағы 491 күндік кезеңі аяқталды. Қазір ол әскери госпитальде ем қабылдап жатыр.
I believe that systematic work will be established and those who encroach on budget funds will decrease"
