Қымбат тұрғын үй кешенінде жарылыс болды

275
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UXmPbSywbFPzYZ3yIZTEd9tibBVoAVjWAcOBJ3mG.jpg

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде газ-ауа қоспасының жарқылы салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оқиға 22 қазанда Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде болған.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін.

Жарақат алған 2015 және 2017 жылы туған балалар медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.

Бейресми дерек бойынша, оқиға таңғы сағат 06:55 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан екі пәтердің қабырғалары қирап, шамамен 75 шаршы метр аумақ зақымданған. Сондай-ақ Depal маркалы автокөлік бүлінген.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 25 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған.

Comments