Қазақстан сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйымды ұзартпақ

155
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oWDaX7WSVsiU4My00IBuyK2f0OcCTFg1C88YR9Fo.webp

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газы, пропан және бутанды ел аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу туралы бұйрық жобасын әзірледі. Шектеуді 14 қарашадан бастап енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Жобаға сәйкес, тыйым аталған өнімдерді автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге қатысты болады.

Министрлік бұл шараны шектеу кезеңінде Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, жоба бұған дейін ведомствоаралық комиссия мақұлдаған тыйымның қолданылуын жалғастыруды көздейді.

Құжатқа сәйкес, әзірлеушінің бағалауынша, бұйрықты қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға әкелмейді. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбейді.

Ұсынылып отырған шектеулер енгізілген күннен бастап алты ай бойы қолданылады.

Comments