Астанаға Аустралиядан қойлар ұшып келді

279
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DOZ5Gp7qpIOBnSmGpCmeOQ8EOfwQr6VUCYrRo6zf.png

Фото: ЖИ көмегімен

Астана халықаралық әуежайына Австралиядан Дорпер тұқымды 1 100 қойдың алғашқы легі жеткізілді. Ерекше жүкті Qatar Airways Cargo әуе компаниясының Boeing 777F жүк ұшағы тасымалдаған, деп хабарлайды “Адырна”.

Аталған әуе кемесі алыс қашықтыққа ірі көлемдегі жүктерді тасымалдауға бейімделген. Оның ішінде тірі жануарларды да ветеринариялық және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жеткізуге мүмкіндік бар.

Австралиядан әкелінген қойларды «Береке» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында «Ерейментау Астық-2014» ЖШС сатып алған. Бұл – кәсіпорынның жалпы саны 4 мың бас ұсақ мал әкелуді көздейтін ауқымды жобасының алғашқы кезеңі. Бүгінгі жеткізілім жоспарланған мал басының төрттен бірінен астамын құрайды.

Айта кетейік, тірі малды әуе арқылы тасымалдау күрделі логистикалық дайындықты қажет етеді. Мұндай операция кезінде жануарлардың қауіпсіздігі, ветеринариялық-санитариялық нормалардың сақталуы және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы басты назарда болады.

Австралиядан Астанаға жасалған бұл рейс халықаралық әуе тасымалының мүмкіндіктерін ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға пайдаланудың бір мысалы болды.

Comments