Фото ЖИ көмегімен жасалған
2027 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мыңнан астам маманына үстемеақы төленеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тиімділігіне арналған халықаралық конгресте айтты.
Министрдің айтуынша, бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Үстемеақы төлеуге жыл сайын шамамен 300 млн АҚШ доллары бөлінеді.
Ақмарал Әлназарова тиісті қаржыландыруды Республикалық бюджет комиссиясы бекіткенін атап өтті.
Сондай-ақ үстемеақы мөлшері медицина қызметкерінің үздіксіз еңбек өтіліне байланысты есептелетінін жеткізді. Министрдің пікірінше, бұл шара мамандардың кәсіби тәжірибесін бағалап, оларды алғашқы медициналық көмек көрсету саласында тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
The Spiritual Capital: A law on the special status of Turkestan is under consideration in parliament
