Фото: Ақорда
Қазақстан әскери-әуе күштерінің паркі Қытайда жасалған жаңа ұшақпен толықты, деп хабарлайды “Адырна”.
Алматыға Y-9E әскери-көлік ұшағы жеткізілді.
Ұшақ әскери әуе паркін жаңғырту бағдарламасы аясында елге жеткізілген.
Y-9E әскери қызметшілерді, жүк пен әскери техниканы тасымалдауға арналған. Техникалық сипаттамалары бойынша ол Қазақстанның қолданысындағы C-295 және A400M ұшақтарының арасындағы орынды алады.
Бұл – Қазақстанның әскери-әуе күштері қарулануына қабылдаған алғашқы Қытай ұшағы. Ал Ұлттық ұланда Қытайда өндірілген Y-8 көлік ұшақтары бұған дейін де пайдаланылып келеді.
Related news
